​ Қазақстанда оң рульді автокөлік басқаратын такси жүргізушілеріне жұмыс істеуге тыйым салынады

0
486

1 қаңтарға дейін Yandex және InDrive өз қызметтерінде оң рульді көліктерді анықтап олардың жұмыс істеуін шектейді.


​ Қазақстанда оң рульді автокөлік басқаратын такси жүргізушілеріне жұмыс істеуге тыйым салынады

ERNUR.KZ. Көлік министрі Марат Қарабаев 20 тамызда Үкіметте өткен брифингте енді Қазақстанда оң рульді көліктері бар такси жүргізушілеріне жұмыс істеуге тыйым салынатындығын айтты, деп жазады zakon.kz.

Оның айтуынша, 1 қаңтарға дейін Yandex және InDrive өз қызметтерінде оң рульді көліктерді анықтап олардың жұмыс істеуін шектейді.

"2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Яндекс.Такси" мен InDrive өз платформаларында рулі оң жақтағы көліктерді тіркемейді. Көлік министрлігі мен осы екі компания арасында тиісті келісімге қол қойылған. Сонымен қатар бұрын оң рульді болып, сол жақ рульге ауыстырлыған көліктерге де тыйым салынады", – деді министр.
Қарабаев бұл әрекетті техникалық жағынан қауіпсіздікке сай еместігімен түсіндірді.

Бұған дейін ол көшіліктің наразылығын тудырған қашықтыққа байланысты шектеу туралы жауап берді.