Қазақстандық боксшы жекпе-жек аяқталарға 30 секунда қалғанда есінен танып қалды (видео)

0
617

Кездесу Минскте өтті.


Қазақстандық боксшы жекпе-жек аяқталарға 30 секунда қалғанда есінен танып қалды (видео)

ERNUR.KZ. Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Александр Журавский Беларусь астанасы Минскте өткен бокс кешінде жеңіліп қалды, деп жазады Vesti.kz.

35 жастағы Журавский 21 жастағы ресейлік Артем Оганесянмен жұдырықтасты. Он раундқа есептелген жекпе-жектің аяқталуына 30 секунд қалғанда Оганесян қазақстандық боксшыны есінен тандырды.
Осылайша, ресейлік боксшы он екінші жекпе-жегінде жеңіске жетіп, оның онын нокаутпен аяқтап отыр.
Ал Журавский осымен қатарынан алтыншы рет жеңіліп отыр. Сонымен қоса, қазақстандық 13 рет жеңіске жеткен (11 нокаут) және бір рет тең түскен.