52 келідегі Дамир Әбдіқадыр алтын жүлдегер атанды.
ERNUR.KZ. 03-07 мамыр аралығында Беларусьтің Гомель қаласында жеңіс күніне арналған дәстүрлі халықаралық турнир аяқталды деп жазады olympic.kz.
Аталған бәсекеде Қазақстан командасының өкілдері де бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша 52 келідегі Дамир Әбдіқадыр алтын жүлдегер атанды. 69 келідегі Дархан Дүйсебай екінші орын иеленсе, 63 келідегі Ерсұлтан Болат үздік үштікті қорытындылады.