Қазақстандық боксшылардың WBC-тегі рейтингі

0
828

Екінші орта салмақтағы Әли Ахмедов 17-ші орыннан 15-ке көтерілді.


Қазақстандық боксшылардың WBC-тегі рейтингі

ERNUR.KZ. Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылар рейтингінің жаңарған нұсқасын жариялады, деп жазады ҚазАқпарат.

Қазақстандық боксшыларға қатысты өзгерістер келесідей:

Екінші орта салмақтағы Әли Ахмедов 17-ші орыннан 15-ке көтерілді. Айдос Ербосынұлы 32-ден 34-орынға түсіп қалды. Орта салмақтағы Жәнібек Әлімханұлы рейтингін жақсартып, 27-ден 16-ға көтерілді. Мейірім Нұрсұлтанов төрт орын жоғалтып, 29-шы позицияға орналасты. Қанат Ислам бірінші орта дивизионға 24-ші нөмірмен қайта оралды. Садриддин Ахмедов 34-орыннан 33-ке көтерілді. Мадияр Әшкеев рангтар туралы кестеге кіріп, 39-орынға орналасты. Жартылай орта салмақта өнер көрсететін Нұрсұлтан Жаңабаев 37-позицияны иеленген. Бірінші жартылай орта салмақтағы Батыр Жүкембаев 14-орынан 13-ке көтерілді. Жанқош Тұраров 40-шы нөмірмен рейтингке қосылды. Жеңіл салмақ өкілі Виктор Коточигов бұдан бұрын 38-де болса, енді 25-орынға жайғасты.