Қазақстандық екі боксшы допингке байланысты жарыстан шеттетілді

0
733

Екеуі де үш жылға шеттетілді.


Қазақстандық екі боксшы допингке байланысты жарыстан шеттетілді

ERNUR.KZ. Допингпен ұсталған екі қазақстандық боксшыға қандай жаза қолданылатыны белгілі болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қазақстанның допингке қарсы комитеті хабарлағандай, Саматәлі Төлтаевтың сынамаларынан оралтуринабол, ал Абзал Серіктен метастерон табылған.

Екеуі де 3 жылға шеттетілді. Толтаев 2023 жылғы 31 наурыздан – 2026 жылғы 31 наурызға дейін, Серік 2023 жылғы 7 сәуірден – 2026 жылғы 7 сәуірге дейін жарыстарға қатыса алмайды.

Саматәлі Төлтаев – 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Сәуірде ол ұлттық құрама сапынан қуылып, Ташкентте өткен 2023 жылғы әлем чемпионатына қатыса алған жоқ.

Абзал Серік – жасөспірімдер арасындағы 2019 жылғы Азия чемпионы, 67 келі салмақтағы жастар арасындағы Азия-2023 чемпионатының жүлдегері.