Қазақстандық еркін күрес шеберлері Албаниядағы турнирде үш медаль жеңіп алды

0
191

86 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Болат Сақаев күміс жүлдегер атанды.


Қазақстандық еркін күрес шеберлері Албаниядағы турнирде үш медаль жеңіп алды

Сурет: olympic.kz

ERNUR.KZ. Тиранада (Албания) күрестен халықаралық рейтингтік турнир басталды. Бірінші күні қазақстандық еркін күрес шеберлері үш жүлде жеңіп алды, деп жазады zakon.kz.

86 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Болат Сақаев күміс жүлдегер атанды. Финалда ол америкалық Чендлер Марстеллерге жол берді.

Ал Мұхаммед Балғабай (61 келі) мен Рустам Мырзағалиев (86 келі) қола жүлде иегері атанды.