Қос тарап 2027 жылға дейін келісімшартқа қол қойды.
Фото: Instagram/ kenzhebek.11
ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек Словакияның "Кошице" клубына ауысты, деп жазады inbusiness.kz.
"Кошице" – Словакияның жоғарғы лигасындағы клуб. Қазіргі таңда 18 турдан кейін турнирлік кестеде 7-орында келеді.
Айта кетейік, Ғалымжан бұған дейін Кипрдің "Акритас" командасында ойнап жүрген еді. "Кошицемен" қатар Испанияның екінші Сегундасындағы бір клубтан да ұсыныс болған.