Бұл – Қазақстан спортшыларының гимнастика тарихында жасөспірімдер арасында әлем чемпионатындағы алғашқы медалі.
ERNUR.KZ. Қазақстандық Зейнолла Ыдырысов Түркияның Анталья қаласында жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп жазады ҚазАқпарат.
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, З.Ыдырысов ат снарядында 14.066 балмен үздік үштікке ілікті.
Ол тек армениялық спортшыларға ғана жол берді. Гамлет Манукян (14.633) чемпион атанса, Мамикон Хачатурян (14.100) күміс жүлдеге ие болды.
Бұл – Қазақстан спортшыларының гимнастика тарихында жасөспірімдер арасында әлем чемпионатындағы алғашқы медалі.
Антальядағы әлем біріншілігі 2 сәуірде қорытындыланады.