Қазақстандық каратеші әлем чемпионы атанған сәтте сүйіктісіне сөз салды

0
900

85 килодан жоғары салмақта Никита финалда ресейлік Руслан Суховтан айласын асырды.


Қазақстандық каратеші әлем чемпионы атанған сәтте сүйіктісіне сөз салды

ERNUR.KZ. Қазақстандық каратеші Никита Гарас Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионатында топ жарып, сүйіктісіне өмірлік ұсыныс жасады, депп жазады vesti.kz.

85 килодан жоғары салмақта Никита финалда ресейлік Руслан Суховтан айласын асырды.

Марапаттау сәтінде Никита сүйіктісін сахнаға шақырып, өмірлік жары болуға сөз салды. Августина есімді ару спортшының ұсынысына келісіммен жауап қатты.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Алматыдағы әлем чемпионатын аса сәтті өткізді. Тарихи жетістігін жаңартып, 29 алтын, 25 қола, 61 қола медаль жеңіп алды.