Ол барлық қарсыласынан басым түсіп, алтын медаль иегері атанды.
Фото: Спорт басқармасы
ERNUR.KZ. Астаналық Анджей Кинзерский Жапония чемпионатында топ жарған тұңғыш шетелдік каратэші атанды, деп жазады inbusiness.kz.
Жапония астанасы Токиода шинкиокушинкай каратэден өткен 57-ші Бүкіл Жапония ашық чемпионаты өз мәресіне жетті. Айтулы додаға Қазақстан, Жапония, Беларусь және Ресей елдерінен келген 160-қа жуық каратэші қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Ерлер арасында абсолютті салмақта жерлесіміз Анджей Кинзерский тарихи жеңіске жетті.
Айта кетейік, Анджей шинкиокушинкай каратэ түрінен Бүкіл Жапония ашық чемпионатында 1-орынды иеленген тұңғыш шетелдік спортшы болып тарихқа енді.