Қазақстандық каратэші жартылай финалға шықты, қоржынға сегізінші медаль түседі

0
720

Қазақстандық каратэші қарсыласын 5:4 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.


Қазақстандық каратэші жартылай финалға шықты, қоржынға сегізінші медаль түседі

ERNUR.KZ. Қазақстандық каратэші Софья Берульцева Токио Олимпиадасында 61 келіге дейінгі салмақта үшінді жекпе-жегін өткізді, деп жазады Tengrinews.kz.

Берульцева алғашқы кездесуінде түркиялық Мельтем Ходжаоглумен тең түсіп, екінші жекпе-жегінде италиялық Сильвия Семерародан басым түскен.

Ал үшінші қарсыласы әзербайжандық Ирина Зарецкая болды. Қазақстандық каратэші оны 5:4 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Демек, Қазақстан қоржынына сегізінші медаль түседі.

Айта кетейік, Токио Олимпиадасында Қазақстан құрамасының қоржынында жеті медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын. Кейін боксшылар Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов, балуан Нұрислам Санаев пен каратэші Дархан Асәділов те қола жүлде еншілеген.