Қазақстандық спортшы өзбекстандық нокаутшыны ұтып, әлем чемпионы атанды

0
166

Бауыржан Қуанышбаев шаршы алаңда 24 жекпе-жек өткізіп, соның он сегізінде жеңіске жетсе, алты рет қарсыласқа есе жіберген.


Қазақстандық спортшы өзбекстандық нокаутшыны ұтып, әлем чемпионы атанды

Фото: Octagonleague

ERNUR.KZ. Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Бауыржан Қуанышбаев Octagon 64 турнирінде өзбекстандық қарсыласын ұтып, әлем чемпионы атанды, деп жазады stan.kz.

Octagon 64 турнирінде қазақстандық ММА шебері Бауыржан Қуанышбаев өзбекстандық нокаутшы және Octagon лигасының чемпионы Ислам Болтаевқа қарсы жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетті. Қос спортшы өзбекстандық жауынгерге тиеслі орта салмақтағы чемпиондық белбеуді сарапқа салып, 5 раундтың қорытындысы бойынша Бауыржан қарсыласынан басым түсті. Осылайша, отандасымыз Octagon тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды.

Айта кетейік, Бауыржан Қуанышбаев шаршы алаңда 24 жекпе-жек өткізіп, соның он сегізінде жеңіске жетсе, алты рет қарсыласқа есе жіберген.