Қазақстандық талантты гимнаст допингпен ұсталды

0
836

Жарыстан тыс тексеріс кезінде спортшының қанынан фуросемид табылған.


Қазақстандық талантты гимнаст допингпен ұсталды

ERNUR.KZ. Қазақстан ұлттық антидопинг орталығының мәліметінше, Андрей Лунгул допингпен ұсталды, деп жазады prosports.kz.

Жарыстан тыс тексеріс кезінде спортшының қанынан фуросемид табылған. Спорттан шеттетілу уақыты 2019 жылдың 12 маусымынан басталып, 2021 жылдың 12 маусымында аяқталады.

Еске сала кетейік, осыған дейін биатлоншы Кристина Боровикованы төрт жылға, балуан Еламан Ерғалиевты екі жылға, гимнаст Селина Жұматаева төрт жылға допинг қолданғандары үшін спорттан шеттетілген еді.