Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Австралияда өткен турнирде тағы да чемпион атанды

0
866

Финалдық кездесуде қазақстандық теннисші беларусь теннисшісі, әлемнің екінші ракеткасы Арина Сабаленконы ұтқан.


Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Австралияда өткен турнирде тағы да чемпион атанды

ERNUR.KZ. Теннис федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Елена Рыбакина Брисбенде (Австралия) өткен WTA 500 сериясы турнирінде жеңіске жетіп, чемпион атанғанын мәлімдеді, деп жазады Stan.kz

Финалдық кездесуде қазақстандық теннисші беларусь теннисшісі, әлемнің екінші ракеткасы Арина Сабаленконы ұтқан.

25 минутқа созылған бірінші сетте есеп 6:0 болғаны атап өтілді. Елена екінші ойында 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Турнир барысында Рыбакина Оливье Гадецкиді (Австралия), Элиза Мертенсті (Бельгия), Анастасия Потапованы (Ресей) және Линда Носкованы (Чехия) ұтты.

"Рыбакина өзінің мансабындағы алтыншы чемпиондық атағын жеңіп алды (2023 WTA 1000 Indian Wells, WTA 1000 Rome, 2022 Grand Slam Wibledon, 2020 WTA 250 Hobart және 2019 WTA Бухарест). Брисбендегі жеңісінің арқасында Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы 220 мың АҚШ долларын сыйақыға, 500 рейтингтік ұпайға ие болды және әйелдердің жаңартылған әлемдік рейтингінде 3-орынға көтеріледі", - делінген хабарламада.