Қазақстандық теннисші Майамиде өтіп жатқан турнирде сенсация жасады

0
575

26 наурыз күні Кукушкин әлемнің 13-нөмірлі теннисшісі америкалық Тэйлор Фрицпен кездеседі.


Қазақстандық теннисші Майамиде өтіп жатқан турнирде сенсация жасады

ERNUR.KZ. Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Майамиде (АҚШ) өтіп жатқан ATP Masters 1000 турнирінің екінші кезеңіне шықты, деп жазады Vesti.kz.

Турнирдің бірінші айналымында отандасымыз әлемнің 42-нөмірлі теннисшісі нидерландылық Ботик Ван де Заншульпті 6:4, 6:4 есебімен ұтты.

Кездесу 1 сағат 51 минут болды. Ойын барысында АТР рейтингінде 159-орында тұрған Кукшкин бірде-бір эйс жасамады. Қазақстандық теннисшіде 4 брейк істейтін мүмкіндігі болып, екеуін сәтті іске асырды.

Енді келесі айналымда, 26 наурыз күні Кукушкин әлемнің 13-нөмірлі теннисшісі америкалық Тэйлор Фрицпен кездеседі.