Қазақстандық спортшы "гит" бағдарламасы бойынша топ жарды.
ERNUR.KZ. Сеулде тректегі велоспорттан Азия чемпионаты жалғасуда. Қазақстандық Андрей Чугай құрлық додасының жеңімпазы атанды, деп жазады Тengrinews.kz.
Қазақстандық спортшы "гит" бағдарламасы бойынша топ жарды. Ол 1 шақырымды 1:01.639 секундта жүріп өткен. Екінші орынды Малайзия, үшінші орынды Қытай спортшылары иеленді.
Айта кетелік, бұл Қазақстан командасының қоржынындағы екінші медаль. Кеше Әлішер Жұмақан жекелей із кесу сайысында күміске қол жеткізген болатын.