Сергей Филь "Құлагер" хоккей клубында 2004 жылдан бастап жұмыс істеген.
фото: Sputnik / Максим Богодвид
ERNUR.KZ. "Құлагер" хоккей клубының басшысы Сергей Филь ұсталды, деп жазады sputnik.kz.
Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, қазіргі кезде Филь қамауға алынды.
"45 жастағы Астана қаласының тұрғыны ұсталды. Ол екі және одан көп адамға қатысты алаяқтық әрекет үшін айыпталып отыр. Күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды", - дейді полицейлер.
Сергей Филь "Құлагер" хоккей клубында 2004 жылдан бастап жұмыс істеген. Биыл 24 қыркүйекте байланысқа шықпай қойды. Осыдан кейін полицияға бірнеше адамнан арыз түсті. Алдын ала ақпарат бойынша, клуб басшысы Қазақстан азаматтығын рәсімдеуге көмектесемін деп олардың әрбіреуінен 500 мың -1 млн теңге алған.
Айта кетері, екі және одан көп адамға қатысты алаяқтық әрекет үшін жымқырылған мүліктің екі еселенгеннен үш еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл немесе үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.