Өткен маусымда аргентиналық жұлдыз Ла Лигада 36 гол соққан.
ERNUR.KZ. «Барселона» футбол клубының шабуылшысы Лионель Месси алтыншы рет «Алтын бутса» иегері атанды, деп жазады ҚазАқпарат.
Осы марапат жыл сайын Еуропа елдерінің ішкі чемпионаттарының өткен маусымдағы үздік сұрмергеніне тапсырылады. Өткен маусымда аргентиналық жұлдыз Ла Лигада 36 гол соққан.
«Мен командаластарым болмаса бұл марапатқа қол жеткізе алмайтынымды айтайын. Бұл – бәрімізге ортақ марапат. Мұнымен командамыз түгел мойындалып отыр. Баршаға рахмет келесіде кездескенше», - деді Месси.
Айта кетейік, Месси бұл награданы алғаш рет 2009-2010 жылғы маусымда алған.