Маргарита Торлопова : алдағы уақытта бұдан да көп еңбектену керектігін түсіндім

0
415

Спортшы жылдың басты спорттық додасындағы сәтсіздік себебін түсіндірді.


Маргарита Торлопова : алдағы уақытта бұдан да көп еңбектену керектігін түсіндім
ERNUR.KZ. Токио Олимпиадасында каноэ мен байдаркада есуден Қазақстан командасының намысын үш спортшы қорғады. Солардың бірі Маргарита Торлопова, деп жазады olympic.kz.

«Шынымды айтсам, өзімнің көрсеткішім көңілден шықпайды. Әрине, жоғары нәтижеге қол жеткізгім келді. Командалық жарыста бізге жолбайлау болған біраз кедергілер кездесті. Десе де, біз бар күшімізді салып, соңына дейін жарыстық. Мен үшін командалық жарыс қиындау, өйткені, мұнда екі адамның жұмысы астасып жату керек. Бірақ бұл жағынан бізде проблема болған жоқ.

Физикалық дайындығымыз жоғары, соңына дейін күресуді мақсат еттік. Психологиялық жағынан қиындау соққаны рас. Уайымдамау, қобалжымау мүмкін емес еді.
Олимпиададан кейін біздің де мықтылармен, еуропалықтармен бәсекелесе алатынымызды түсіндім. Ал әлсіз тұстарымыз жетерлік, көп жұмыс істеу керек. Соңғы екі жыл біз үшін ауыр өтті, үйдің бетін көрмей, үнемі сыртта жүрдік. Енді аздаған үзіліс алғым келеді», - деді спортшы.