Мәскеуде күрес түрлерінен турнир басталады

0
1 165

Турнирде тоғыз елдің балуандары бақ сынауда.


Мәскеуде күрес түрлерінен турнир басталады

ERNUR.KZ. Ресей астанасы Мәскеуде грек-рим күресінен Гран-при турнирі басталды, деп жазады baq.kz.

Иван Ярыгинді еске алуға арналған халықаралық турнир індет басталғалы бері UWW ұйымдастырған алғашқы жарыс. Бәсекеде еркін, грек-рим күресінен бөлек, жағажай күресінің өкілдері де бақ сынауда. Жағажай күресіндегі балуандар додасы үшін спорт сарайына 70 тонна құм кіргізілген. Турнирде тоғыз елдің балуандары бақ сынауда.

Атап айтар болсақ, Ресей, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Аргентина, Бахрейн, Румыния, Солтүстік Македония және Түркия спортшылары өзара мықтыны анықтайды. Сондай-ақ, Гран-при турнирі барысында Ненад Лаловичтің қатысуымен UWW комиссиясының онлайн отырысы өтеді.