Ол бұған дейін 2009, 2010, 2011, 2012 және 2015 жылдары жүлдені алған.
ERNUR.KZ. Испаниялық "Барселона" мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси France Football журналы ұсынған "Алтын доп" жүлдесін алтыншы рет жеңіп алды, деп жазады Тengrinews.kz.
Жүлдені табыстау салтанатты рәсімі Париждегі Шатл театрында өтті. Месси жүлдені мадридтік "Реалдың" бұрынғы хорватиялық жартылай қорғаушысы Лука Модричтың қолынан алды. Бұл жолы ол үміткерлер қатарына кірмеген.
Еуропадағы ең мықты футболшы атағына барлығы 30 үміткер болды. Мессимен бірге үздік үштікте "Ливерпульдің" голландиялық қорғаушысы Вирджил ван Дейк (екінші орын) және италиялық "Ювентустың" шабуылшысы әрі "Алтын доптың" бес дүркін иегері Криштиану Роналду болды (үшінші орын).
Айта кетейік, Роналду бұл шараға қатыспаған. Оның орнына Роналду Миланға өткен маусымның қорытындысы бойынша италиялықдық футболдағы үздіктерді марапаттау гала-салтанатына аттаныпты. Sport Mediaset мәліметінше, португал Париждегі гала-кешті елемеуге шешім қабылдаған, себебі ол "Алтын допты" "Барселонаның" форварды Лионель Месси алатынын білген. Бұл кеште "Юве" ойыншысы 2018/19 маусымының үздік футболшысы ретінде сыйлық алады.
"Алтын доптың" биылғы иегері бұған дейін 2009, 2010, 2011, 2012 және 2015 жылдары жүлдені алған.
"Алтын доп" 1956 жылдан бері France Football-дың ұйымдастыруымен Еуропадағы үздік футболшыға беріледі. 2010 жылы ФИФА мен France Football "Алтын доп" пен "ФИФА жыл ойыншысы" жүлделерінің біріккенін хабарлады. 2016 жылы қыркүйекте France Football ФИФА-мен серіктестігінің тоқтатылғанын хабарлап, жылдың үздік ойыншысын анықтаудың бастапқы жүйесіне оралды.