​Месси Аргентина құрамасынан кетті

0
1 167

Гватемала мен Колумбияға қарсы өтетін жолдастық кездесулерге қатыспайды


​Месси Аргентина құрамасынан кетті

фото: scoopnest.com

ERNUR.KZ. Каталониялық "Бареслона" шабуылшысы Лионель Месси биыл Аргентина құрамасы үшін өнер көрсетпейді, - деп жазады vesti.kz.


AS.com мәліметінше, Месси ұлттық құрамадан біржола кетуі мүмкін еді, алайда ол Аргентина футбол ассоциациясының (AFA) президенті Клаудио Тапиамен "Алтын доп" жүлдесінің бес дүркін иегері арасындағы жақсы қарым-қатынаста болу себебінен ол командаға кез келген уақытта қайтып келе алады.

Ресейде өткен әлем біріншілігінде Месси жанкүйерлер және БАҚ өкілдерінің тарапынан қысым көргеннен кейін уақытша кетуге бел буған. Футболшы Лионель Скалонимен келісіп, Гватемала мен Колумбияға қарсы өтетін жолдастық кездесулерге қатыспайды және 2019 жылы құрамаға қайтып келеді.

ӘЧ-2018 жарысында Аргентина құрамасы 1/8 финалға дейін жетті. Олар 2018 жылдың чемпионы атанған француздардан 4:3 есебімен жеңіліп қалды.