"Астана" - "Динамо-Брест" арасындағы матч 18 тамызда өтеді.
ERNUR.KZ. Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне қатысу үшін "Астана" футбол клубы Брестке ұшуға дайындалып жатыр, - деп жазады Tengrinews.kz.
"Астана" - "Динамо-Брест" арасындағы матч 18 тамызда өтеді. Алайда қазіргі таңда Беларусь қалаларында президент сайлауының нәтижесіне көңілі толмағандар наразылық акциясына шығып жатыр.
УЕФА-ның медицина протоколы бойынша кездесуге дейін команданың футболшылары ПЦР-тест тапсыруы керек.
"Коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тестіні ертең немесе оның арғы күні (13-14 тамыз) тапсырамыз", - делінген клубтың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
18 тамызда Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде "Астана" клубы беларусьтің "Динамо-Брест" командасымен кездеседі. Бұл ойында жеңіске жеткен команда 25 немесе 26 тамызда "Коннас Ки" (Уэльс) - "Сараево" (Босния и Герцеговина) кездесуіндегі жеңімпаз клубына қарсы ойнайды.
Егер бұл ойындарда "Астана" жеңіске жетсе, Чемпиондар лигасының екінші кезеңіне өтеді. Ал жеңілген жағдайда Еуропа Лигасының екінші кезеңінде бағын сынайды.