Назым Қызайбай бокстан әйелдер құрамасының капитаны болды

0
176

Бапкерлер мен боксшылардың қатысуымен жиналыс өтіп, жаңа құраманың капитанын сайлады.


Назым Қызайбай бокстан әйелдер құрамасының капитаны болды

фото: akwatoria.ru

ERNUR.KZ. Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны атанды, деп жазады ulyssport.kz.

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының Түркістан облысындағы оқу-жаттығу жиыны аясында, бапкерлер мен боксшылардың қатысуымен жиналыс өтіп, жаңа құраманың капитанын сайлады.