Назым Қызайбай жартылай финалда Әнел Құдайбергенді (Жетісу облысы) тізе бүктірген еді.
Фото: ҚР ҰОК
ERNUR.KZ. Назым Қызайбай Қарағанды қаласында өтіп жатқан ересектер арасындағы Қазақстан біріншілігінде чемпион атанды, деп жазады inform.kz.
Қос дүркін әлем чемпионы, 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай (48 келі) бүгін финалда қызылордалық Ақбота Болатпен қолғап түйістіруі керек еді.
Алайда қызылордалық спортышының алған жарақатына байланысты жекпе-жек өтпейтін болды. Сондықтан Назым Қызайбай 2024 жылғы Қазақстан чемпионы атанды.
Назым Қызайбай жартылай финалда Әнел Құдайбергенді (Жетісу облысы) тізе бүктірген еді.
Айта кетсек, бүгін Қазақстан біріншілігінде финалдық жекпе-жектер өтеді.
Еске салсақ, ересектер арасында бокстан Қазақстан чемпионатында алғаш рет шаршы алаңға шыққан Төрехан Сабырхан (67 келі) финалға дейін жетті.