ERNUR.KZ. Оңтүстік Қазақстан облысында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында облыс чемпионаты өтіп жатыр. Жарысқа оңтүстік қазақстандық спортшылардан өзге Астана, Алматы және Қызылорда қаласынан 100 ге жуық ауыр атлеттер келген,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

50 келі салмақта 3 спортшы бас жүлде үшін сайысты. Қызылордалық Нұрдос Сабыр бірінші мүмкіндікте 50 келі салмақты бағындырғанымен 60 келіні "ала алмады".
Арыс қаласынан келген Аслан Қасқыр жарыста жоғары нәтиже көрсетті. Ол 3 мүмкіндігінде де қатесіз 25, 30, 33 келі салмақтағы зілтемірді көтере алды.
Аслан 1 жылдан бері зілтемір спортымен айналысып келеді. Ол Жазира Жаппарқұл сияқты атақты спортшы болсам деген ниетте. Ал, Дәулет Амангелді алғашқы кезеңде 33 келіні бағынтырып, кейінгі мүмкіндіктерінде қатарынан екі рет тапсырыс берген 35 келі салмақты көтере алмады. Ақтық сайыстары 30 наурыз күні өтеді.