Олимпиада финалисі артық салмағына байланысты жарыстан шеттетілді

0
396

Винеш Фогат 50 келі салмақта америкалық қарсыласымен алтын медаль үшін сайысқа түсуі керек еді.


Олимпиада финалисі артық салмағына байланысты жарыстан шеттетілді

ERNUR.KZ. 7 тамыз күні Олимпиаданың финалисті үндістандық Винеш Фогат 100 грамм артық салмағы үшін турнирден шығып қалды. Осылайша спортшы алтын медаль үшін күресу мүмкіндігінен айырылды, деп жазады stan.kz.

ESPN India басылымының мәліметінше, Винеш Фогат 50 келі салмақта америкалық қарсыласымен алтын медаль үшін сайысқа түсуі керек еді. Алайда салмақ өлшеу кезінде спортшының белгіленген шектен шамамен 100 грамм артық салмақ жинағаны белгілі болды.

Винеш Фогат үш айқастан кейін күш жинау кезінде 100 грамм артық салмақ қосқан. Бұл ретте спортшыға бір түнде екі келіге жуық салмақ тастауға тура келді. Ол жаттығу жасады, комбинезонда арқанмен секірді, бірақ салмағы тек 50,1 келіге дейін түсті.

X әлеуметтік желісінде Үндістан премьер-министрі Фогатқа қолдау көрсету үшін оны "чемпиондар чемпионы" деп атады.

“Сіз Үндістанның мақтанышысыз және әрбір үнді азаматына шабыт бересіз”, – деп жазды Нарендра Моди.

Винеш Фогатқа жанкүйерлері де әлеуметтік желіде демеу болып, қолдау білдірді.