Олимпиадаға қатысқан тағы бір спортшы допингпен ұсталды

0
686

18 ақпан күні қысқа бағдарламасын орындаған соң ол допинг сынамасын тапсырған.


Олимпиадаға қатысқан тағы бір спортшы допингпен ұсталды

ERNUR.KZ. Бейжіңдегі Қысқы ойындарға қатысқан мәнерлеп сырғанаушы Лаура Баркероның Олимпиада кезінде тапсырған допинг сынамасы оң нәтижесін берді, деп жазады vesti.kz.

18 ақпан күні қысқа бағдарламасын орындаған соң ол допинг сынамасын тапсырған. Нәтижесінде спортшының ағзасынан тыйым салынған метаболит клостеболас табылып құрамы отыр. Бұл жайлы 21 ақпанда бүкіләлемдік антидопинг агенттігі хабарлады.

20 жастағы Баркеро жұптық сында Марко Дзандронмен жалпы есепте 11 орын иеленді. Бұл ретте Баркеро мен Дзандрон Қысқы Олимпиадаға қатысқан алғашқы испаниялық спортшылар болып тарихта қалды.