Бельгия құрамасының жеке триатлонында өнер көрсеткен спортшыларының бірі ауырып, ішек таяқшасы диагнозымен ауруханаған түскен.
ERNUR.KZ. Кейбір олимпиадалық триатлоншылар Сенада жүзгеннен кейін ауырып, өзендегі судың сапасына байланысты жарыстан шығуға мәжбүр болды, деп жазады zakon.kz.
Global News хабарлауынша, Бельгия құрамасының жеке триатлонында өнер көрсеткен спортшыларының бірі ауырып, ішек таяқшасы диагнозымен ауруханаған түскен. Осы жағдайға байланысты бельгия құрамасы 5 тамызда өткен аралас эстафетаға қатыспауға шешім қабылдады.
Швейцария олимпиадалық құрамасы да аталмыш диагнозбен ауырған екі спортшысына байланысты, аралас эстафетада сынға түсетін құрамды екі рет өзгертті.
Швеция мен Норвегиядан келген триатлоншылар да судағы бактериялардың жоғары концентрациясына байланысты ауырып қалған.
Бүгінгі, 7 тамыздағы қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін мына жерден көре аласыз.