"Ордабасы" еурокубоктың алғашқы матчінде жеңісті уысынан шығарып алды

0
888

Алайда қарсылас команда 63 және 86-минутта екі гол соғып, есепті теңестіріп кетті.


ERNUR.KZ. "Ордабасы" футбол клубы Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі бірінші ойында тең ойнады, деп жазады vesti.kz.

Бүгін, 27 шілдеде қазақстандық клуб еурокубоктың жаңа маусымын Варшаваның (Польша) "Легия" командасымен кездесуден бастады. Шымкентте өткен матч 2:2 есебімен аяқталды.



"Ордабасы" 13-минутта Всеволод Садовскийдің голының арқасында алға шықты. 48-минутта Мамаду Мбодж есепті еселеді.

Алайда қарсылас команда 63 және 86-минутта екі гол соғып, есепті теңестіріп кетті.