Өзбекстандық ауыр атлет допинг қолданғаны үшін жарыстан шеттетілді

0
429

Өзбекстан ұлттық допингке қарсы агенттігі оның сынамасынан 2024 жылға арналған тыйым салынған заттар тізіміне енген «кленбутерол» табылғанын хабарлады.


Өзбекстандық ауыр атлет допинг қолданғаны үшін жарыстан шеттетілді

ERNUR.KZ. Өзбекстандық ауыр атлет Сардор Лапасов допингке қарсы ережені бұзғаны үшін төрт жылға жарыстан шеттетілді, деп жазады inform.kz.

Өзбекстан ұлттық допингке қарсы агенттігі оның сынамасынан 2024 жылға арналған тыйым салынған заттар тізіміне енген «кленбутерол» табылғанын хабарлады.

Енді ол дисквалификация мерзімі аяқталғанша халықаралық және республикалық жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарына қатыса алмайды.

Бұған дейін Kun.uz ирактық дзюдошы допинг қолданғаны үшін Олимпиада ойындарында өзбекстандық боксшымен жекпе-жек алдында жарыстан шеттетілгенін жазған.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан-Өзбек іскерлік кеңесі отырысының қорытындысы бойынша бірнеше іскерлік келісімге қол қойылғанын жазған едік.

Қол қойылған құжаттардың екеуі тері өңдеу мен аяқ киім жеткізу мәселелерін қамтиды.