Павлодарлық 7 палуан еліміздің «Жас Барысы» атанды

0
1 423

Павлодар облысынан 50 палуан күш сынасты.


Павлодарлық 7 палуан еліміздің «Жас Барысы» атанды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында жасөспірімдер мен жастар арасындағы «Жас Барыс» турнирі аяқталды, деп жазады pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық туризмді және спортты дамыту жөніндегі басқармасының бас маманы Нұрсұлтан Абыкешев мәлім етті.

«Бастау» спорт кешенінде еліміздегі биылғы жылдың басты бәсекесі өтті, - деді Нұрсұлтан Абыкешев.

Турнирде жасөспірімдер мен жастар қазақ күресінен бозкілемге шықты. Павлодар облысынан 50 палуан күш сынасты. Нәтижесінде 7 алтын, 6 қола медаль еншіледі.

Турнир қорытындысы бойынша жасөспірімдер арасында 55 келі салмақ дәрежесінде Ислам Накенов, 60 келіде Бектемір Дүйсенбай, 65 келіде Ислам Жаңбырбаев, 70 келіде Нұржан Қамысбаев, +75 келіде Қанжар Сабыржан, 82 келіде Алдияр Айтмұхамбет және жастар арасында 55 келіде Қуанышбек Қалым алтыннан алқа тағынып, «Жас Барыс» атанды.

Сонымен қатар, жасөспірімдер арасында 60 келіде Нариман Әбіл, 65 келіде Айтжан Қабиболла, 70 келіде Әділ Омар және жастар арасында 60 келіде Аманкерей Өміртайұлы, 90 келіде Мұхаммедқали Сейтақ, +100 келіде Дәурен Закареев қола жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, қазақ күресінен республикалық «Жас Барыс» турниріне әр өңірден жиналған 26 командадан 517 палуан сынға түсті.