1,5 миллион баспанасыздың мәселесін шешу қарастырылуда.
ERNUR.KZ. "Барыстың" президенті Борис Иванищев Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымы басталар алдында команданың бюджеті туралы айтып берді, - деп жазады Vesti.kz..
Сондай-ақ, президент команданың бас бапкері Юрий Михайлистің клуб пен Қазақстан ұлттық құрамасының тізгінін бірдей ұстауына да байланысты ой білдірді.
""Барыс" пен Қазақстан ұлттық құрамасы әрқашан бір жүйе болып жұмыс істейді. Менің ойымша, федерация басшыларымен ақылдаса келіп, бапкердің мәселесін шешеміз. Маусым алдындағы тапсырмаға келетін болса, плей-офф кезеңіне шығып, барынша ұзақ өнер көрсету.
Иә, коронавирус пандемиясына байланысты бюджет 15 пайызға қысқарды. Басқа адамдар туралы да ойлауымыз керек. Тағы бір қорғаушы аламыз. Болды.", - деді президент.
Еске салайық, "Барыс" жаңа маусымды 3 қыркүйек бастайды. Сырт алаңда өтетін ойындағы қарсылас ригалық "Динома" клубы. Ал өз алаңымыздағы ойындарды команда 10 қыркүйек күні қытайлық "Куньлун" командасына қарсы бастайды.