Президент кубогы үшін хоккей турнирінде жаппай төбелес болды (видео)

0
459

​Осы ойында "Куньлунь" командасы жеңіске жетті. Қорытынды есеп – 1:2. Финалда "Барыс" пен "Сарыарқа" кездеседі.


Президент кубогы үшін хоккей турнирінде жаппай төбелес болды (видео)

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында өткен турнирде "Торпедо" мен "Куньлунь" хоккейшілері төбелесіп қалды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Екі команда үшінші орын үшін таласқан. Ойынның соңында "Торпедоның" шабуылшысы Стас Петросян шыдай алмай, "Куньлунь Ред Стардың" форварды Ян Хуға жұдырық ала жүгірді. Бірақ екеунің жекпе-жегі ұзаққа созылған. Басқа хоккейшілер араласты. Арты жаппай төбелеске ұласып кетті. Соның нәтижесінде "Куньлунь" клубының бес бірдей ойыншысы айыппұл уақытын өтеуге аттанды. Ал "Торпедодан" үш хоккейшіге ескерту алды.



Осы ойында "Куньлунь" командасы жеңіске жетті. Қорытынды есеп – 1:2. Финалда "Барыс" пен "Сарыарқа" кездеседі.

Айта кетері, бес жыл бұрын Қазақстан президенті кубогы үшін хоккей турнирінде тура сондай төбелес болған. Бірақ ол кезде "Барыс" ойыншысы Дамир Рыспаев "Куньлунь Ред Стардың" үш хоккейшісі соққыға жықты. Одан кейін қарсыластың басқа ойыншыларына тап берді. Осы оқиғадан кейін Құрлықтық хоккей лигасы Рыспаевты лига ойындарынан шеттетті.