30 жастағы Поляков алматылық клубқа 2020 жылы өткен болатын.
ERNUR.KZ. Белоруссиялық қорғаушы Денис Поляков "Қайрат" сапынан кетті, деп жазады vesti.kz.
30 жастағы Поляков алматылық клубқа 2020 жылы өткен болатын. Оған дейін Ресей премьер-лигасындағы "Урал" командасында ойнады. Сонымен қатар, кипрлік АПОЭЛ, белоруссиялық БАТЭ және солигорлық "Шахтер" үшін де өнер көрсеткен.
2010 жылдан өз елінің ұлттық құрамасында ойнайды.
Биылғы маусымда 42 матчке қатысып, үш гол салды және екі ассист жасады.
Transfermarkt мәліметінше, оның "Қайратпен" келісімшарты 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін есептелген болатын.