Беделді турнирдің финалында қазақстандық Чех спортшысы Каролина Муховамен кездеседі.
фото: sports.kz
ERNUR.KZ. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Штутгарт қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің финалына жолдама алды, деп жазады sputnik.kz.
Ол жартылай финалда әлемнің 9-ракеткасы, ресейлік Мирра Андрееваны екі сетте ұтты.
Алғашқы сет тартысты өтті. Қос теннисші де жоғары деңгейдегі ойын көрсетті. Дегенмен шешуші сәттерде Рыбакина партияны өз пайдасына 7:5 есебімен аяқтады.
Екінші сетте қазақстандық теннисші айқын басымдық танытты. Оның сенімді шабуылдары мен артқы сызықтағы үстем ойыны қарсыласына мүмкіндік қалдырмады. Нәтижесінде сет 6:1 есебімен аяқталды.
Финалда, әлемнің 2-ракеткасы атанған Елена Рыбакина Чехия өкілі, WTA рейтингінде 13-орында тұрған Каролина Муховамен кездеседі.
Рыбакина үшін бұл 2024 жылы жеңіп алған Штутгарт кубогын қайта көтеруге тамаша мүмкіндік.


