Бұрыңғы бас жаттықтырушы Дмитрий Максимов «Теміртау» командасының бас жаттықтырушысы қызметіне қайта оралады.
ERNUR.KZ. Латвиядан келген маман Леонид Тамбиев «Сарыарқа» командасының бас жаттықтырушысы қызметіне тағайындалды, деп жазады baq.kz.
Леонид Тамбиев – ригалық хоккей мектебінің тәрбиеленушісі. 2002 және 2006 жылғы Олимпиада ойындарына қатысушы. Оның жетекшілігімен ЖХЛ 2014-2015 Тұрақты маусымында «Сарыарқа» бірінші орынді жеңіп алды және плей-офф қола жүлдегері атанды. ЖХЛ 2016-2017 және 2017-2018 майсымдарында «Динамо» (Санкт-Петербург) хоккей клубын басқарған. 2016-2017 маусымда «Динамо» «плей-оффтың» ширек финалына қатысқан, ал өткен маусымда оның жетекшілігімен питерлік клуб Петров Кубогының мегері атанды.
Келісімшарт екі маусымға құрылды: 2018-2019 және 2019-2020 жж. Бас жаттықтырушы алдағы күндері жаттығу жыұмыстарына кіріседі.
Тренерлік штабты сонымен қатар Леонид Тамбиевтың теңдесі жоқ көмекшісі болып табылатын Андрей Банада толықтырады. Бұрыңғы бас жаттықтырушы Дмитрий Максимов «Теміртау» командасының бас жаттықтырушысы қызметіне қайта оралады.