Селина Жұматаева допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін 4 жылға жарыстан шеттетілді

0
1 023

Жарыс кезеңінде алынған сынамада тыйым салынған фуросемид перпараты анықталыпты.


Селина Жұматаева допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін 4 жылға жарыстан шеттетілді

ERNUR.KZ. Қазақстанның Ұлттық допингке қарсы орталығының сайтында сараптамаларында тыйым салынған субстанциялардың анықталғаны үшін жарыстан шеттетілген спортшылардың жаңартылған тізімі жарияланды, деп жазады Olympic.kz.

Жарияланған тізімге сәйкес, тыйым салынған субстанциялар гимнаст қыз Селина Жұматаеваның сараптама нәтижесінен табылған. Жарыс кезеңінде алынған сынамада тыйым салынған фуросемид перпараты анықталыпты. Спортшы жарыстан 15.08.2018 бастап, 15.08.2022 дейін 4 жылға шеттетілді.

Селина - көркем гимнастикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, 2017 Азия чемпионы және 2015 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері. Қазіргі уақытта Селина "Жұлдыз" жеке мектебінде жаттықтырушылық қызметпен айналысады.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық Олимпиада комитеті допингті қолдану мәселелерінде қатаң саясатты ұстанады және халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) мен Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) "таза" спортшыларды қорғау жөніндегі бастамаларына толық қолдау көрсетеді.