Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

0
527

Семсерлесуден Азия чемпионатында Қазақстанның атынан 19 спортшы қатысып жатыр.


Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

ERNUR.KZ. Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден Азия чемпионатында екінші орын алды. Бұл әзірге Қытайдың Уси қаласында 17-22 маусымда өтетін құрлықтық чемпионаттағы жалғыз жүлде болып тұр, деп жазады zakon.kz.

Ұлттық құрама шешуші белдесу жолында Филиппинді (45:37), Өзбекстанды (45:40) және Оңтүстік Кореяны (42:36) жеңді. Командалық семсерлесу жарысында Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай күміс жүлдені жеңіп алды.

Семсерлесуден Азия чемпионатында Қазақстанның атынан 19 спортшы қатысып жатыр. Турнир 22 маусымда аяқталады.