Шымкенттік команда жартылай финалда күш сынасты

0
1 082


Шымкенттік команда жартылай финалда күш сынасты

ERNUR.KZ. 20 - 25 тамыз аралығында Алматының ЦСКА стадионында 40 жастан асқан ардагерлер арасында XXVII - Қазақстан чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Биыл 7 команда қатысқатн ел чемпионатының жартылай финал матчтары 24 тамыз күні өтті. Алғашқы ойын Шымкенттің "Шымкент ЛМФЛ" командасы мен Алматының "Райымбек" ұжымы шықты. Кездесудің алғашқы таймында қос команда футболшыларында бірнеше рет есепті ашу мүмкіндігі болды. Бірақ, қақпашылар қатесіз ойын көрсетіп, соққыларды қайтарды.


Үзілістен кейін турнир қожайындары жылдам шабуылдарымен шымкенттік қарсыластарын қиын жағдайға салып қойды. Қапталдардан ұйымдастырылған шабуылдар бірін кетін голмен аяқталды. Екінші 35 минут ішінде қарсыластарының қақпасын 5 рет анық нысанаға алған "Райымбек" ұжымы 5:0 есебімен жеңіске жетіп финалға жолдама алды.


Екінші жартылай финалда "Алматы" мен Павлодардың "Ертіс" командасы алаңға шықты. Мұнда да турнир қойжайындары жеңіске жетті. Есеп - 2:0. Осылайша 25 тамыз күні өтетін ақтық ойынында Алматының қос командасы бас жүлде үшін алаңға шығады. Ал, 3 - орын үшін өтетін матчта "Шымкент ЛМФЛ" мен "Ертіс" кіл мықтыны анықтайтын болады.