Шыңғыс Ракпаров шаңғы қоссайысынан Бейжің Олимпиадасында 41-ші орын иеленді.
ERNUR.KZ. Шаңғы қоссайысынан Бейжің ойындарының қатысушысы Шыңғыс Ракпаров өзінің алғашқы Олимпиадасын қорытындылады, деп жазады Olympic.kz.
"Жарыс өте ауыр өтті. Бәсеке өтетін жердің тым биікте орналасқаны әсерін тигізді. Жалпы, спортшы ретінде бәріне де шыдауға болды. Қолдан келгенше тырысып бақтым. Бар күшімді салдым. Енді алдағы жарыстарға дайындаламын. Құрлықтық кубокке қатысу жоспарымда бар", - деді спортшы.
Айта кетелік, Шыңғыс Ракпаров шаңғы қоссайысынан Бейжің Олимпиадасында 41-ші орын иеленді. Ол аталған спорт түрі бойынша Қазақстан атынан Олимпиадаға қатысқан тұңғыш атлет екенін естеріңізге саламыз.