Тағы бір қазақстандық былғары қолғап шебері кәсіпқой боксқа ауысты

0
837

Боксшы әуесқойлар арасында нокаут шебері атанған.


Тағы бір қазақстандық былғары қолғап шебері кәсіпқой боксқа ауысты

ERNUR.KZ. Ақмолалық былғары қолғап шебері, 2018 жылғы жасөсіпірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Талғат Шәйкен әуесқойлар боксынан кәсіби боксқа ауысты. Енді 19 жастағы боксшы Қазақстан атынан шаршы алаңға шығатын болады, деп жазады ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметінше, боксшы кәсіби рингте өнер көрсету үшін MTK Global проумоутерлік компаниясымен келісімшартқа тұрған.

«Құрметті достар, кәсіби боксқа ауысқаныма қолдау білдіргендеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Мен дүниежүзіндегі көшбасшы МТК GLOBAL менеджерлік компаниясымен келісімшартқа тұрдым. Енід қазақстандықтарды кәсіби бокстағы жеңістеріммен қуантуға тырысамын», -дейді боксшы.

Айта кетейік, Талғат Шәйкен 2019 жылы Қазақстан халқының спартакиадасы шеңберінде ересектер арасындағы өткен республикалық біріншілікте қарсыластарын айқын басымдықпен тізе бүктірген болатын.

Ол әуесқойлар арасында нокаут шебері атанды. Қарсыластарын шарашы алаңда талай мәрте сұлатып салды. MTK GLOBAL KAZAKHSTAN менеджерлік компаниясының басшысы Асқар Салықбаев басылымдардың бірінде жасалған келісімшарт ұзақ жылдарға арналған.