Тоқаев "Атырау" мен "Ақтөбе" арасындағы матч кезінде жылап жіберді – видео

0
821

"Атырау" ойыншысы Жомарт Тоқаев командасы 3:5 есебімен жеңіліп жатқан кезде ойын ережесін өрескел бұзып, қызыл қағаз алды.


Тоқаев

ERNUR.KZ. "Атырау" мен "Ақтөбе" арасындағы футзалдан Қазақстан чемпионатының плей-офф матчында қызық жағдай болды. "Ақтөбе" Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңіндегі үшінші жартылай финалдық кездесуде жеңімпаз атанды, деп жазады sputnik.kz.

"Атырау" ойыншысы Жомарт Тоқаев командасы 3:5 есебімен жеңіліп жатқан кезде ойын ережесін өрескел бұзып, қызыл қағаз алды, ызаға булыққан жас футболшы жылап жіберді.

Нәтижесінде "Атырау" "Ақтөбеден" 4:6 есебімен жеңілді. "Ақтөбеден" Эленилсон, Ақжол Тыныштықбаев, Асхат Құлбаев, Аршат Сәтжан, Витао (2) гол соқса, "Атырау" сапында Болат Сарбасов (2), Эрик Данило және Эвертон көзге түсті.

Осылайша топтамадағы есеп 2-1 нәтижесімен "Ақтөбенің" пайдасына шешілді. Топтамадағы ойындар командалардың біреуі үш рет жеңіске жеткенге дейін жалғасады.