Пандемияға байланысты триатлон бәсекесі 2021 жылы өтеді.
ERNUR.KZ. Триатлоннан BI Group Ironman Kazakhstan және BI Group Ironman 70.3 Astana халықаралық додалары келесі жылға ауыстырылды, деп хабарлайды Olympic.kz. Коронавирус пандемиясына байланысты триатлон бәсекесі 2021 жылдың 15 тамызына шегерілді. Айта кетерлігі, былтыр аталған додаға 50 елден 1400 спортшы жиналған болатын. Елордада өткен бәсекеге барлығы 20 Pro санатындағы спортшылар қатысты.Қатысушылар әуелі 1,9 км жүзіп өтіп, 90 км велосипедпен, ал жүгіру бойынша 21 км қашықтықты бағындырды. Қазақстандықтар ішінде ең үздік көрсеткішкен «Астана» велокомандасының менеджері Александр Винокуров қол жеткізген болатын. Ол барлығын 4 сағат 9 минут 8 секундта бағындырған.