Веложарыс 4 шілде күні басталып, 19 шілдеге дейін жалғасады.
ERNUR.KZ. Францияда жүз жылдан астам уақыт бойы өткізіліп келе жатқан әлемнің ең танымал велосипед жарысы "Тур де Франс" алғаш рет әдеттегідей шілдеде емес, тамыз айында өтеді, деп жазады baq.kz.
Веложарыс коронавирус инфекциясының өршуі салдарынан енгізілген карантиндік шектеулерге байланысты кейінге қалдырылды.
Дегенмен, спорттық шараның жанкүйерлері жарысты осы айда көріп, тіпті қатыса да алады. Себебі, шара онлайн түрде өтеді. Виртуалды "Тур де Франс" шарасын ұйымдастырушы - Zwift жарыс симуляторының онлайн ойынын әзірлеуші. Бұл ойында велосипед арнайы велотренажермен басқарылады.
Веложарыс 4 шілде күні басталып, 19 шілдеге дейін жалғасады. Виртуалды жарысқа 17 әйел мен 23 ерлер командасы қатысады, олар арнайы қайта құрылған трассадан өтеді. Профиден кейін Zwift тренажерлары бар әуесқойлар өнер көрсете алады.