Жасөспірімдер арасында өткен сайысқа облысымыздың барлық ауданынан және көрші облыстан да жас балуандар келді.
2018 жылдың 2-23 қыркүйегі аралығында Шымкентте қазақ күресінен Түркістан облысының «Ұлттық спорт мектебінің» ашық біріншілігі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Жарыстың ашылу салтанаты өтіп, Түркістан облысының «Ұлттық спорт мектебі» директорының орынбасары Алданұр Құрманбаев қатысып, балуандарға сәттілік тіледі.
Жарыс алда өтетін турнирлерге балуандарды іріктеп алу мақсатында ұйымдастырылуда. 2002 – 2003 жыл туылған спортшылар арасында 57 келі салмақтағы балуандардың белдесулері тартысты өтті. Мұнда бас жүлде үшін Облыстық спорт мектебі интернатының түлегі Дияс Давлятов пен «Ұлттық спорт мектебінің» спортшысы Ақтөре Сұлтанбекұлы үміткер есептелді.
Ақтық сайысы тартысты өтіп, Дияс Давлятов қарсыласы Ақтөре Сұлтанбекұлынан басым түстіп жеңімпаз атанды. Сондай ақ өзге салмақтарда да жеңімпаздар анықталды.