УЕФА-мен бірлесіп екі қалада футбол академиясы салынады

0
131

Қазақстанда УЕФА-мен бірлесіп футбол академияларын салу жоспарланып отыр.


УЕФА-мен бірлесіп екі қалада футбол академиясы салынады

ERNUR.KZ. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Мәжіліс кулуарында айтты, деп жазады baq.kz.

Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, елімізде футбол академияларын салу жоспарда бар.

УЕФА-мен бірлесіп академия салу жоспарланып отыр. Бір емес, бірнеше академия салу көзделген. Екі ірі қалада академия салу жоспарлануда. Бірақ ең бірінші жоба – Талғар ауданында жүзеге асырылады, - деді министр.

Ол бұл бастама аясында УЕФА әдістемелерін енгізу және осы саладағы кәсіби мамандарды тартудың маңыздылығын да атап өтті.