Спортшы жақында мансабын аяқтады.
ERNUR.KZ. Мансабын аяқтаған ресейлік Хабиб Нурмагомедов жеңіл салмақтағы күрес чемпионатының (UFC) абсолют чемпионы болып қала береді. Бұл туралы UFC басшысы Дэйна Уайт айтты, деп жазады Aikyn.kz.
Нурмагомедов 24 қазанда Әбу-Дабиде өткен жекпе-жектің екінші раундында америкалық Джастин Гэтжиді жеңіп, жеңіл салмақтағы чемпион атағын қорғап қалды деп жазады РИА Новости. Осыдан кейін спортшы мансабын аяқтағанын мәлімдеді.
«Біз оған уақыт береміз. Ол чемпион болып қала береді», – деді UFC басшысы.