Қазақстан құрамасы енді 11 қазанда өз алаңында Албанияны қабылдайды.
ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы екінші кездесуінде өз тобындағы Беларусь құрамасынан өз алаңында 1:2 есебімен ұтылып қалды, деп жазады zakon.kz.
53-ші минутта Максим Бордачев есеп ашса, 62-ші минутта Абат Айымбетов есепті теңестірген.
Бірақ матчтың соңғы минуттарында қазақстандық футболшылардың ақылға сыймайтын қателігінен қарсыластар бұл кездесуді жеңіспен аяқтады – гол авторы Виталий Лисакович.
Қазақстан құрамасы енді 11 қазанда өз алаңында Албанияны қабылдайды.