WBC белбеуі бар қазақстандық боксшының келесі қарсыласы анықталды

0
597

Жекпе-жек он раундқа жоспарланып отыр.


WBC белбеуі бар қазақстандық боксшының келесі қарсыласы анықталды

ERNUR.KZ. Кәсіпқой бокста жеңілмеген қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев (14-0, 7 КО) шаршы алаңға желтоқсанда оралады, деп жазады Тengrinews.kz.

Әшкеев шаршы алаңға 3 желтоқсанда Лос-Анджелес (АҚШ) қаласында Фредди Роучтің Wild Card Boxing Gym залында өтетін бокс кешінде шығады. Оның қарсыласы жеңілмеген америкалық боксшы Чарльз Конуэлл (13-0, 10 КО). Жекпе-жек он раундқа жоспарланып отыр. Кездесуді NBC арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

"NBCSN арнасында жекпе-жек өткізуге мүмкіндік алғаным үшін қуаныштымын. АҚШ жерінде бірінші рет телеарнада көрсететін айқаста өзімді жақсы қырынан көрсетіп, үлкен мәлімдеме жасауға дайынмын", - деді Әшкеев.

Бастапқыда Әшкеев пен Конуэлл арасындағы кездесу 10 сәуірде өтуі керек болатын. Бірақ бұл бокс кеші коронавирусқа байланысты кейінге шегерілді.